OHKZ клиникасы білікті медицина қызметкерлері, заманауи медициналық құрал-жабдықтар және Кореяның ең үздік ауруханаларымен ынтымақтастық арқылы дәл диагноз қою, емдеу және үздіксіз денсаулықты сақтау қызметтерін ұсынады.

Бірлескен емдеу консультациялары дегеңіміз не?

Науқастарға кешенді әрі тиімді емді ұсыну үшін заманауи медициналық жабдықпен жабдықталған Open Healthcare Алматы Корей медициналық орталығы - өзінің жергілікті дәрігерлері мен Оңтүстік Кореяның жоғары білікті медициналық мамандарымен бірге диагноз қойып, емдеу жоспарын айқындауға бағытталған халықаралық бірлескен консультациялар қызметін ұсынады.

Емге дейінгі және емнен кейінгі күтім орталығы (PPCC) туралы

Емге дейінгі күтім (Pre-Care)

  • Кореяның өзінде ем алмас бұрын, барлық қажетті тексерулерді алдын ала Алматыдағы Корей медициналық орталығында өте аласыз. Бұл кейін диагноз қоюда, Кореяда тиімді ем жоспарын құруға көмектеседі.

  • Біз қабылдауға жазылу, медициналық құжаттарды аудару және виза рәсімдеуге көмек көрсетеміз.

  • Оңтүстік Кореяда емделуге қажетті дайындық шараларын (қашықтан консультация, алдын ала тексеру, қажет болған жағдайда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету) жүргіземіз.

Қажетті құжаттар

✔ Медициналық құжаттардың көшірмесі (соңғы 3–6 ай ішінде)
  • Визуалды диагностика (УДЗ, рентген, КТ, МРТ және т.б.)
  • Талдау нәтижелері (орыс тілінде болған жағдайда – корей немесе ағылшын тіліне аудару қажет)
  • Егер тексеру Алматы Корей медициналық орталығында жүргізілсе, диагностика нәтижелері мен қажетті құжаттарды аудару бойынша қолдау көрсетіледі.
✔ Ауру тарихы

Қазіргі жағдай, бұрынғы сырқаттар, созылмалы аурулар және т.б.

✔ Шетелдік паспорттың көшірмесі

Кореядағы ауруханаға жазылу мен құжаттарды жібері үшін міндетті.

Емнен кейінгі күтім (Post-Care)

  • Кореядағы ем аяқталғаннан кейін пациент Алматыға оралып, Корей медициналық орталығында оңалту емін жалғастырады.

  • Қажет болған жағдайда Қазақстанның өзінде дәрі-дәрмек қабылдауды жалғастырып, оңалту шаралары жүзеге асырылады.

  • Кореядағы ем алған клиниканың жауапты координаторлары арқылы пациенттің жағдайы әрі қарай бақыланып отырады.

Қажетті құжаттар

✔ Кореядағы алынған ем бойынша медициналық құжаттардың көшірмесі
  • Медициналық қорытынды
  • Операция жасалғанын растайтын құжаттар
  • Стационардан шыққаны туралы медициналық анықтама
Немесе
✔ Алматыдағы Корей медициналық орталығына медициналық ақпаратпен бөлісуге арналған келісім парағы

(Казакстаннан ұшар алдында толтырылуы тиіс)

Емге дейінгі және емнен кейінгі күтім орталығының (PPCC) бөлімшелері

Емге дейінгі және емнен кейінгі күтім орталығында (PPCC) жүргізілетін тексерулер

Бастапқы тексерулер
қан талдауы, зәр талдауы, ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ), рентген және т.б.
Кешенді тексерулер
эндоскопия, КТ, МРТ, маммография, панорамды рентгенография, денситометрия (BDM)

Емге дейінгі және кейінгі күтім орталығы(PPCC) маңыздылығы

Тексеру нәтижелерінің дәлдігі мен диагноздың нақтылығы
Алматыдағы корейлік үлгідегі медицина орталығында білікті корей дәрігерінің қатысуы арқылы тексеру нәтижелерінің дәлдігі мен диагноздың нақтылығы қамтамасыз етіледі
Емдеудің үздіксіздігі
Қазақстан мен Корея арасындағы емдеудің үздіксіздігі денсаулықты жүйелі түрде күтуге мүмкіндік береді
Мәліметтермен бөлісу және координация
Кореядағы серіктес клиникалармен ортақ протоколдарды қолдану арқылы медициналық ақпараттарды қауіпсіз әрі тиімді бөлісу қамтамасыз етіледі

Кореялық дәрігерлерден кеңес алғыңыз келе ме? Немесе Кореяда емделу барысы мен мүмкіндіктері туралы ақпарат алғыңыз келе ме?

Біз сізге Кореядағы клиника таңдаудан бастап, қабылдауға дайындық, ем алу және емнен кейінгі бақылауға дейін толық ақпарат беріп, жан-жақты қолдау көрсетеміз.
Барлық сұрақтарыңыз бойынша Алматы қаласындағы Корей медицина орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.

Телефон +7 (727) 355 41 00   |   +7 (727) 355 42 00
WhatsApp +7 (777) 222 4100
Басты бет - OHKZ