OHKZ клиникасы білікті медицина қызметкерлері, заманауи медициналық құрал-жабдықтар және Кореяның ең үздік ауруханаларымен ынтымақтастық арқылы дәл диагноз қою, емдеу және үздіксіз денсаулықты сақтау қызметтерін ұсынады.

Бірлескен емдеу консультациялары дегеңіміз не?

Науқастарға кешенді әрі тиімді емді ұсыну үшін заманауи медициналық жабдықпен жабдықталған Open Healthcare Алматы Корей медициналық орталығы - өзінің жергілікті дәрігерлері мен Оңтүстік Кореяның жоғары білікті медициналық мамандарымен бірге диагноз қойып, емдеу жоспарын айқындауға бағытталған халықаралық бірлескен консультациялар қызметін ұсынады.

Бірлескен консультацияның өту барысы

1. Емге дейінгі күтім (Pre-Care)
Алматы Корей медициналық орталығында бастапқы тексерулер мен алғашқы диагностика жүргізіледі. Науқастың барлық медициналық құжаттары Кореялық дәрігерлерге аударылып жіберіледі.
2. Бірлескен консультация өткізу
Кореялық серіктес дәрігерлер пациент материалдарын саралап, емдеу тактикасы бойынша онлайн түрде кеңес береді немесе Алматыда тікелей қабылдау жүргізеді.
3. Кореяда ем алу
Қажет болған жағдайда пациент Кореяға барып ем алады. Алматы Корей медициналық орталығының арнайы координаторы Кореядағы ауруханаға жазылу, құжаттар дайындау және рәсімдеумен көмектеседі.
4. Емнен кейінгі күтім (Post-Care)
Ем аяқталғаннан кейін пациент Алматыға оралып, Корей медициналық орталығында оңалту емін жалғастырады. Кореядағы ем алған клиникадан жауапты координаторлар арқылы пациенттің жағдайын әрі қарай бақылап отырады.

Бірлескен консультациялар кімдерге ұсынылады:

Ұсынылатындар
  • 01Кореялық дәрігерлерден жоғары мамандандырылған медициналық көмек алғысы келетіндерге

    Жергілікті деңгейде диагноз қою қиын немесе екінші пікір арқылы нақтылау керегі болған жағдайларда.

  • 02Алдымен Қазақстанда тексеріліп, кеңес алып, содан кейін Кореяда емделгісі келетіндерге

    Шетелге шықпай-ақ бастапқы тексерулер мен консультацияны жергілікті жерде бастағысы келетіндерге.

  • 03Кореяда емделіп, әрі қарай күтім мен емін Қазақстанда жалғастырғысы келетіндер

    Кореяда емделгеннен кейін денсаулығын жүйелі түрде бақылап, үздіксіз медициналық қолдауды жалғастырғысы келетіндерге.

  • 04Кешенді тексеру қажет ететін аурулар (бірнеше маманның қатысуы қажет кезде)

    Жергілікті және корей мамандары бірлесіп, нақты диагноз бен тиісті емді тағайындау қажет болған жағдайда.

  • 05Диагноздан бастап, ем алып, кезекті тексерілістер мен күтімге дейінгі барлық процестің үздіксіз болғанын қалайтындарға

    Нақты диагностикадан бастап емнен кейінгі қалпына келтіру кезеңіне дейінгі бүкіл процесті сенімді мамандарға тапсырғысы келетіндерге.

Өткізілген бірлескен емдеу консультациялары​

1. Суджи Мария медицина орталығы (Мария медициналық қоры)

  • Өткізілген уақыты: 2024 жылғы қыркүйек

  • Қатысқан мамандар: Ян Гванг Мун (бас дәрігер) / Белеуханова Гульжан Рауияновна

  • Бөлімі: акушерия және гинекология

  • Қаралған мәселе: бедеулік

  • Консультация алдындағы міндетті тексерулер:

    • Әйелдерге: гормондық зерттеулер (ФСГ, ЛГ, эстрадиол (E2), ТТГ, АМГ, пролактин), инфекцияларға тексерілу (RW, HBsAg/anti-HBs, anti-HCV, АИТВ 1/2), жамбас қуысы мүшелерінің УДЗ

    • Ерлерге: гормондық зерттеулер (ФСГ, эстрадиол (E2), тестостерон), сперматозоид морфологиясы, кеңейтілген спермограмма

2. Гангнам әйелдер клиникасы

  • Өткізілген уақыты: 2024 жылғы қыркүйек

  • Қатысқан мамандар: Сонг Ёнг Мо (бас дәрігер) / Белеуханова Гульжан Рауияновна

  • Бөлімі: акушерия және гинекология

  • Қаралған мәселе: жиі кездесетін гинекологиялық аурулар (жатыр миомасы, несеп ұстай алмау, ректоцеле, цистоцеле)

  • Консультация алдындағы міндетті тексерулер:

    • Жалпы қан талдауы, несеп талдауы, жамбас қуысы мүшелерінің УДЗ

    • Онкологияға күдік болған жағдайда: ROMA (HE4 + CA-125)

3. Бунданг Чесен ауруханасы

  • Өткізілген уақыты: 2024 жылғы қараша

  • Қатысқан мамандар: профессор Пак Сан Джонг​ / Тулепбергенова Гульнар Шерматовна

  • Бөлімі: гастроэнтерология

  • Қаралған мәселе: ас қорыту жүйесінің обырлары

  • Консультация алдындағы міндетті тексерулер:

    • Гастроскопия, колоноскопия, құрсақ қуысының КТ, УДЗ

    • Онкологияға күдік болған жағдайда: контрасты КТ, биопсия нәтижесі

4. Бунданг Чесен ауруханасы

  • Өткізілген уақыты: 2024 жылғы қараша

  • Қатысқан мамандар: профессор Сон Джонг Хван / Таймасов Мади Каратаевич

  • Бөлімі: урология

  • Қаралған мәселе: несеп-жыныс жүйесінің қатерлі ісіктері

  • Консультация алдындағы міндетті тексерулер:

    • Қан талдауы (ПСА), несеп талдауы, қуық асты безінің УДЗ, КТ

    • Онкологияға күдік болған жағдайда: контрасты КТ, МРТ

5. Ильсан Ча ауруханасы

  • Өткізілген уақыты: 2025 жылғы сәуір

  • Қатысқан мамандар: профессор На Ён Чжон / Жаксылыкова Асель Амиралиевна

  • Бөлімі: акушерия және гинекология

  • Қаралған мәселе: әйелдердің онкологиялық аурулары

  • Консультация алдындағы міндетті тексерулер:

    • Жалпы қан талдауы, жалпы несеп талдауы, жамбас қуысы мүшелерінің УДЗ

6. Әулие Мария католик клиникасы Пучхон қ

  • Өткізілген уақыты: 2024 жылғы сәуір

  • Қатысқан мамандар: профессор Ким Джу Ми / Жаксылыкова Асель Амиралиевна

  • Бөлімі: жалпы хирургия (сүт безі және қалқанша безі)

  • Қаралған мәселе: сүт безі және қалқанша безі обыры

  • Консультация алдындағы міндетті тексерулер:

    • Сүт безі обыры: қан талдауы, визуализациялық зерттеулер (УДЗ/маммография)

    • Қалқанша безі аурулары: ТТГ, Т4 гормондарын талдау, биопсия нәтижесі

7. Мёнджи ауруханасы

  • Өткізілген уақыты: 2025 жылғы сәуір

  • Қатысқан мамандар: профессор Ким Чон Ён / Чон Гульнар Шерматовна

  • Бөлімі: гастроэнтерология

  • Қаралған мәселе: ас қорыту жүйесінің обырлары

  • Консультация алдындағы міндетті тексерулер:

    • Асқазан мен ішек: қан/биохимия (CBC, BUN, креатинин, AST, ALT, GGT, ALP, жалпы билирубин, альбумин, жалпы ақуыз), протромбин уақыты, CEA, эндоскопия, құрсақ қуысының КТ/УДЗ

    • Бауыр: үш фазалы бауыр КТ, AFP, CA19-9, HBsAg, Anti-HBs, Anti-HCV, бауыр УДЗ

8. NHIS Ильсан ауруханасы

  • Өткізілген уақыты: 2025 жылғы сәуір

  • Қатысқан мамандар: профессор Квон Ён Соб / Кудайбергенова Гаухар Гарифоллаевна

  • Бөлімі: нейрохирургия (ми)

  • Қаралған мәселе: ми қан тамырлары аурулары

  • Консультация алдындағы міндетті тексерулер:

    • МРТ, МРА

9. Сун Чон Хян университеттік ауруханасы Пучон қ.

  • Өткізілген уақыты: 2024 жылғы сәуір

  • Қатысқан мамандар: профессор Им Су Бин / Наурызбаев Магжан Тлеумуратович

  • Бөлімі: нейрохирургия (омыртқа)

  • Қаралған мәселе: омыртқа ісіктері, диск жарығы, дегенеративті өзгерістер, жарақаттар, шеткі жүйке аурулары

  • Консультация алдындағы міндетті тексерулер:

    • Омыртқаның МРТ, рентгенография

10. Католик Квандон университетінің Әулие Мария халықаралық ауруханасы

  • Өткізілген уақыты: 2025 жылғы сәуір

  • Қатысқан мамандар: профессор Ли Иль Гюн / Амиртаева Шугыла Максаткалиевна

  • Бөлімі: маммология

  • Қаралған мәселе: сүт безі обыры

  • Консультация алдындағы міндетті тексерулер:

    • Сүт безінің УДЗ, қажет болған жағдайда қосымша бейнелеу зерттеулері

Кореялық дәрігерлерден кеңес алғыңыз келе ме? Немесе Кореяда емделу барысы мен мүмкіндіктері туралы ақпарат алғыңыз келе ме?

– Біз сізге Кореядағы клиника таңдаудан бастап, қабылдауға дайындық, ем алу және емнен кейінгі бақылауға дейін толық ақпарат беріп, жан-жақты қолдау көрсетеміз.

Телефон: +7 (727) 355 41 00   |   +7 (727) 355 42 00
WhatsApp: +7 (777) 222 4100
Басты бет - OHKZ